Аудандық полиция бөліміне экскурсия
20 қазанда 5 «А» сынып оқушылары аудандық полиция бөліміне танымдық экскурсияға қатысты. Оқушылар полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысып, олардың міндеттері мен қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды рөлі туралы білді. Экскурсия оқушыларға заңды сақтау мен қоғамдағы тәртіп ережелерін орындаудың маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектесті. Сонымен қатар, “Заң және тәртіп”қағидатының маңыздылығын ұғындырды.