4-сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті: «Адал азаматты тәрбиелеуде жауапты ата-ана, қолдаушы педагог және қауіпсіз мектеп»

08.09.2025

4 қыркүйекте мектебіміздің 4-сыныптарында «Адал азаматты тәрбиелеуде жауапты ата-ана, қолдаушы педагог және қауіпсіз мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шара Біріңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Мақсаты – мектеп пен ата-аналар арасындағы әріптестікті нығайту, педагогтар мен ата-аналар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру.

Күн тәртібінде:

1. Мектеп пен ата-аналар комитеттері арасындағы бірлескен жұмыстың басым бағыттары туралы. 

2. Сынып ата-аналар комитетінің жұмысын үйлестіру ерекшеліктері туралы. 

3. Сынып ата-аналар комитетінің төрағасы мен белсенді мүшелерін сайлау.

Жиналыс барысында балалардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, адал азаматты тәрбиелеуде отбасының рөлі, сондай-ақ қауіпсіз және қолдау көрсететін оқу ортасын құрудың маңыздылығы талқыланды.

Ата-аналарға мектеп өміріне белсенді қатысқандары мен қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтамыз!

Просмотров: 959


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу